Басшының блогы

Ашық диалог және кері байланыс

Жеке өтініш

Құрметті әріптестер, студенттер, білім алушылар және сайт қонақтары!

Басқарма Төрағасы – Ректордың блогына қош келдіңіздер!

Сіздермен осы онлайн алаң арқылы тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар бізге ашық диалог құруға, пікір алмасуға, жаңа идеялар мен ұсыныстарды талқылауға, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылымды дамытуға қатысты маңызды мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.

Бұл жерде сіз өз сұрағыңызды қойып, ұсынысыңызды білдіріп немесе пікіріңізбен бөлісе аласыз. Сіздердің ой-пікірлеріңіз бен бастамаларыңыз университетіміздің білім беру сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, клиникалық тәжірибені жетілдіруге және студенттер үшін қолайлы академиялық орта қалыптастыруға өз үлесін қосатынына сенімдімін.

Біздің басты мақсатымыз – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және кәсіби құндылықтарды берік ұстанатын медицина мамандарын даярлау, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосу және қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Ашықтық, өзара сенім және сындарлы диалог университетіміздің тұрақты дамуы мен жаңа жетістіктерге жетуінің маңызды негізі болып табылады. Сондықтан сіздердің ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін әрдайым маңызды.

Абилов Талғар Сатыбаевич
Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор
Абилов Талғар Сатыбаевич
Өтініш жазу

Блог пайдаланушыларына арналған ақпарат

Блог Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 63-VII Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ету және мекеме қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында құрылды.

Қарау мерзімі: Әрбір өтініш Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен қаралатын болады – тіркелген сәттен бастап 20 жұмыс күніне дейін. Қосымша зерделеу немесе ақпарат сұрату қажет болған жағдайда, өтініш берушіні хабардар ете отырып, мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 2 айдан аспауға тиіс.
Ұсыныс:Қарауды жеделдету үшін сұрақтарды нақты және мәні бойынша тұжырымдауды, байланыс деректерін көрсетуді, сондай-ақ бұрын орналастырылған материалдармен алдын ала танысуды сұраймыз – бәлкім, сіздің сұрағыңыздың жауабы сол жерде жарияланған болар.
Құпиялылық:Өтiнiштердi жiберу кезiнде берiлген дербес деректер өтiнiш берушiмен байланыс үшiн ғана пайдаланылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғаларға беруге жатпайды.