2026 жылғы 5–6 наурыз күндері Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында «Аллергология, иммунология және пульмонологияның пәнаралық аспектілері» V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті және Батыс Қазақстан аллергологтар, иммунологтар және пульмонологтар қауымдастығы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен ұйымдастырды.
Конференция барысында аллергиялық, иммунологиялық және пульмонологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи жетістіктері, сәулелік және функционалдық диагностика мәселелері, біріншілік және екіншілік иммун тапшылықтары, сондай-ақ іргелі және клиникалық зерттеулердің нәтижелері талқыланды. Конференция жұмысына ғалымдар, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, тәжірибелік дәрігерлер, магистранттар, докторанттар, резиденттер және интерндер қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми мақалалары мен тезистерін қамтитын материалдар жинағы жарық көрді. Бағдарлама аясында пленарлық және секциялық отырыстар ұйымдастырылып, жетекші мамандардың баяндамалары тыңдалды.
Конференция бағдарламасы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Ғылыми конференциялар
«Аллергология, иммунология және пульмонологияның пәнаралық аспектілері» V халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция
«Ревматологиядағы пәнаралық сұрақтар» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 6–7 наурызда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында Қазақстан ревматологтар алқасы мен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Ревматологиядағы пәнаралық сұрақтар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға ревматология және сабақтас пәндер саласындағы Қазақстан Республикасының жетекші мамандары, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ревматологы, профессор Г.А. Тоғызбаев, сондай-ақ ғалымдар, практикалық дәрігерлер және жас зерттеушілер қатысты.
Ғылыми бағдарлама аясында ревматикалық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, биологиялық терапия, иммунодиагностика және пациенттерді пәнаралық жүргізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ аутоиммундық патологиясы бар пациенттерді диагностикалау мен жүргізудің өзекті мәселелері бойынша практикалық мастер класстары өткізілді.
Конференция бағдарламасы
Медицина профессоры Марат Қапенұлы Ізтілеуовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым: кеше, бүгін, ертең» атты LXV Халықаралық жас ғалымдардың ғылыми конференциясы
2026 жылғы 9–10 сәуірде медицина профессоры Марат Капенұлы Ізтілеуовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым: кеше, бүгін, ертең» атты LXV Халықаралық жас ғалымдар ғылыми конференциясы өтті.
Конференция жұмысына 498 адам қатысып, отырыстар 30 секция бойынша ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ұсынылып, талқыланды. Олар заманауи ғылымның дамуының өзекті бағыттарын қамтыды.
Конференция тәжірибе алмасу, ғылыми өзара іс-қимыл жасау және алдағы зерттеулердің перспективаларын айқындау алаңына айналды.
Конференция бағдарламасы
«Медицинадағы морфология: фундаменталды теориялардан клиникалық шешімдерге дейін» I халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 15 сәуірде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында «Медицинадағы морфология: фундаменталды теориялардан клиникалық шешімдерге дейін» атты I халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, практикалық денсаулық сақтау саласының дәрігерлері, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары және резиденттері қатысты.
Іс-шара аясында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуді, морфологиялық әдістерді клиникалық практикаға интеграциялауды, сондай-ақ морфологиялық пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін қамтитын қазіргі морфологияның өзекті мәселелері талқыланды.
Конференция бағдарламасы
Конференция материалдарының жинағы
Медицина ғылымдарының кандидаты Р.К. Назарбаеваның 75 жылдығына арналған «Клиникалық практикадағы дәлелді медицина: теориядан пациентке дейін» атты ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 22 сәуірде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Р.К. Назарбаеваның 75 жылдығына арналған «Клиникалық практикадағы дәлелді медицина: теориядан пациентке дейін» атты халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер, сондай-ақ докторанттар, резиденттер және магистранттар қатысты.
Іс-шара аясында дәлелді медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылар баяндама жасап, дәлелді медицина қағидаттарын клиникалық практикаға енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.
Конференция бағдарламасы
Конференция материалдарының жинағы
Марат Оспанов атындағы БҚМУ «Инфекциялық ауралар және балалар инфекциялары» кафедрасының жетекшісі, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Курмангазин Мейрамбек Сағнайұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасының Батыс өңіріндегі өзекті инфекциялық аурулар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 6 мамырда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында медицина ғылымдарының кандидаты, доцент М.С. Құрманғазиннің 70 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Батыс өңіріндегі өзекті инфекциялық аурулар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға отандық және шетелдік мамандар, медициналық ұйымдардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ жас ғалымдар қатысты. Іс-шара Қазақстанның жетекші ғылыми және медициналық мекемелерінің, сондай-ақ шетелдік серіктестердің қатысуымен ұйымдастырылды.
Конференция аясында инфекциялық медицинадағы заманауи үрдістер, инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу мәселелері, гепатология саласындағы жетістіктер, сондай-ақ мамандарды даярлаудың заманауи білім беру тәсілдері талқыланды. Инфекциялық және эпидемияға қарсы қызметті дамытуға, сондай-ақ инновациялық клиникалық тәжірибелерді енгізуге ерекше назар аударылды.
Конференция бағдарламасы
Академик Р.С. Күзденбаева атындағы «Адам және Дәрі-дәрмек – Қазақстан» XIX Халықаралық Конгресі
2026 жылғы 13 мамырда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, көрнекті ғалым-фармаколог Раиса Салмағанбетқызы Күзденбаеваның рухына арналған «Адам және Дәрі-дәрмек – Қазақстан» XIX Халықаралық конгресі өтті.
Конгресс жұмысына отандық және шетелдік жетекші мамандар, денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы және жас ғалымдар қатысты. Пленарлық және секциялық отырыстар аясында терапия, кардиология, ревматология, неврология, педиатрия, гастроэнтерология және пульмонология салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шара көрнекті ғалымның ғылыми мұрасын сақтау және тәжірибе алмасу үшін маңызды ғылыми алаңға айналды.
Конференция бағдарламасы
«Еңбек медицинасы, гигиена және қоғамдық денсаулық: заманауи сын-қатерлер мен алдын алу» халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 15 мамырда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығының және Қазақ тағамтану академиясының қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек медицинасы, гигиена және қоғамдық денсаулық: заманауи сын-қатерлер мен алдын алу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Қазақстан, Польша, Ресей, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері қатысты.
Пленарлық және секциялық отырыстар аясында еңбек медицинасы, өндірістік гигиена, эпидемиология, нутрициология, экологиялық денсаулық және денсаулық сақтауды басқарудың өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шара тәжірибе алмасуға және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған халықаралық алаңға айналды.
Конференция бағдарламасы
Конференция материалдарының жинағы
«Отбасылық медицинаның заманауи бағдарлары: тұрақты даму, профилактика және өмір сапасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2026 жылғы 19–20 мамырда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында «Отбасылық медицинаның заманауи бағдарлары: тұрақты даму, профилактика және өмір сапасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мамандары, түрлі мамандықтағы дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен резиденттер, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара аясында отбасылық медицинаны дамыту, аурулардың профилактикасы, медициналық білім беру және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Конференция тәжірибе алмасуға және жалпы практика дәрігерінің қызметіне заманауи ғылыми тәсілдерді енгізуге арналған кәсіби алаңға айналды
Конференция бағдарламасы
«Неонатологиямен балалар аурулары №1 кафедрасының» 50 жылдық мерейтойына арналған «Педиатрия және неонатологиядағы заманауи технологиялар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
2026 жылғы 28–29 мамырда Неонатологиямен балалар аурулары №1 кафедрасының» 50 жылдық мерейтойына арналған «Педиатрия және неонатологиядағы заманауи технологиялар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға педиатрия және неонатология саласындағы жетекші мамандар, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ақтөбе облысының штаттан тыс бас мамандары, профессор-оқытушылар құрамы және практикалық дәрігерлер қатысты.
Іс-шара барысында балалар денсаулығын сақтау, неонаталдық көмек және заманауи медициналық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылды.
Әсіресе ғылыми-практикалық тәжірибе алмасуға және мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар конференция аясында шала туған нәрестелерде гемодинамикалық маңызы бар ашық артериялық өзектің эхокардиографиялық диагностикасы бойынша шеберлік сабағы өткізілді.
Конференция бағдарламасы