Жасыл университет және ТДМ
2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ-ға мүшелі мемлекеттер 2030 жылға дейінгі «Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) кабылданған бағдарлама бойынша біздің университетімізде нақтыланған жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Гистология кафедрасы «Тұрақты даму мақсаттары» және “Жасыл университет” бағдарламасы бойынша бірнеше мақсаттарды орындауды жоспарлаған болатын. Қаңтар-ақпан айында жоспарға сай және жоспардан тыс жұмыстар атқарылды. 12-бағыт (жауапты тұтыну және өндіріс) пен 15-бағыт (құрлық экожүйелерін сақтау) негізінде бірқатар істер атқарылды. Атап айтсақ , кафедраның әрбір аудиториясына арнайы кюар кодтар койылды, ол арқылы студенттер оқу программасына қажетті барлық мәліметтерді, оқулықтарды, силлабустарды оңай ашып оқи алады, шамадан тыс қағаз қолданысы шектелді. Сондай-ақ әр мамандық студенттері арасында “эко-бұрыш” апталығы ұйымдастырылып, студенттер гүл отырғызып , оларды күтіп-баптап, нәтижесінде кафедрада жасыл-желекті бұрыш орнатылды, алдағы таңда әлі де қатарын көбейту жалғасуда.

Сондай-ақ жоспардан тыс, соңғы болған ауа-райының күрт өзгеруінен болған жағдайдың асқыну салдарының алдын алу мақсатында 1-курс студенттерімен университет және 5-жатақхана аймағы қалың жауған қардан тазартуға көмек берілді.
Шараның мақсаты – жалпы халық арасында табиғат ресурстарын үнемді, тиімді қолданып, оны аялауға, қамқорлық танытуға үндеу жұмыстарын жүргізу және саналы, білімді тұлғаларды қалыптастыруға үлес қосу.
