Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті
Рентгенология курсы 1959 жылы Актюбе медициналық институының ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы жанынан құрылды. Рентгенология курсының алғашқы меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Брусиловский Евгений Алексеевич тағайындалды.
Одан кейін 1971 жылдан 1995 жыл аралығында рентгенология және радиология кафедрасының меңгеруші болып профессоры Смагулов Әжмаги Смагұлұлы жұмыс жасады. 1975 жылы аспирантурадан кейін, кандидаттық дисертацияларын сәтті қорғап, Султанов Т.А. және Шайхимов Е.Ш. кафедрада жұмыс жасай бастады. Сонымен 1975 жылы кафедрада ғылыми атағы бар 5 оқытушы жұмыс жасады.
1995-2009 жж. сәулелік терапия және сәулелік диагностика курсынм.ғ.к., профессор Т.А. Султанов басқарды.
Одан кейін 2009 жылдан визуалды диагностика курсына жауапты болып м.ғ.к., доцент Кибатаев К.М. тағайындалды.
2009 жылдары кафедра Шарипов Р.А., Көшкімбаев А.Т, Нуртаева С.М., Хабиева А.Б., Г.А. Мутигулина, қоса жұмыс атқарушы С.А. Алдияров т.с.с. жас мамандармен толықтырылды.
1996ж – 2023ж. радиология кафедрасы ішкі аурулар пропедевтикасы, онкология және клиникалық зертханалық диагностика кафедраларына қатысты визуалды диагностика курсы ретінде жүргізілді. Ал, 2023 жылдан бастап радиология кафедрасы болып бөлініп шықты.
Ғылыми-педагогикалық және клиникалық қызметті үздіксіз арттыру, сол арқылы университеттің дамуына үздіксіз үлес қосу және әртүрлі патологияларды диагностикалау саласында білімі мен кәсіби құзыреттілігі бар жоғары білікті сәулелік диагностика дәрігерлерін даярлау.
Кафедрада “Медицина”, “Стоматология”, “Әскери медицина” мамандықтарының 3 курс студенттері, “Жалпы медицина” мамандығының 6 курс студенттері, “Онкология”, “Эндокринология”, “Радиология” мамандығының резиденттері оқиды. Кафедра қызметкерлері “Профилактика спонтанного онкогенеза у первого поколения крыс, родители которого подверглись воздействию гамма-облучения и хрома (эксперимент).” тақырыбына Республикалық гранттық ғылыми жұмысымен айналысуда.” – 2023-2025 жж. Сонымен қатар кафедра қызметкерлері “Салауатты ауыл – 3 күн ішіндегі скрининг. Сүт безі обырын ерте диагностикалаудағы IT технологиясы” тақырыбына Республикалық гранттық ғылыми жұмысына өтінім берілді.
Кафедраның жетекшісі мен доценттер мамандығы бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарын жүргізеді жәнеорта буын медициналық персоналдарға “сәулелік диагностика” мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткізеді. Кафедра қызметкерлері БҚМУ Медициналық орталығының базасында сәулелік диагностика бөлімшелерінде клиникалық жұмыс жүргізеді, сүт бездерінің 2 – оқылымдық скринингін, сүт бездерінің стереотоксикалық биопсиясын және дуктография жүргізеді.
Кафедраның құрылуымен 2023 жылы сәулелік диагностика мамандығы бойынша резидентура ашылды. Резиденттер БҚМУ МО, АЖККА(БСМП), АМО, АОДБ, АОФПЦ базасындағы сәулелік диагностика бөлімшесінде дағдыларды алады. Кафедра қызметкерлері УДЗ, КТ, маммографиялық клиникалық қызметтерді ПМПК – жылжымалы медициналық кешенде жүргізуді жоспарлап отыр.
Университет білім алушының белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасайды және студентке өзінің таланттары мен қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік береді.