Жұқпалы аурулар және балалар инфекциясы кафедрасы— Ospanov University
Loading...

Жұқпалы аурулар және балалар инфекциясы кафедрасы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Стоматология, фармация, мейіргер ісі, қоғамдық денсаулық сақтау және медикалық-профилактикалық іс факультеттері

Кафедра туралы ақпарат

Құрылу тарихы

Инфекциялық аурулар кафедрасы 1961 жылы ректордың 22.02.1961 жылғы № 25 бұйрығымен ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші басшысы 1961-1963 жылдар аралығында кафедраны басқарған профессор Губинский Арон Моисеевич болды. Кейінгі жылдары кафедраны доценттер Баертуева Анна Мареевна (1963-1968 жж.), Смағұлов Көпжасар Зиятдинұлы (1969-1983 жж.), профессор Дүйсенов Қуандық Дүйсенұлы (1983-1994 жж.), м. ғ. к., доцент Туребаева Дильдаш Искалиевна (1994-1999жж.), Құрманғазин Мейрамбек Сағнайұлы (1999-2002жж.), Мұсабеков Әміржан Акималұлы (2002-2009). 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны Құрманғазин Мейрамбек Сағнайұлы басқарады.
Алғашқы оқытушылар: Лисина А. Ф. (1961), Воротников Федор Николаевич (1962-1971), Пан Владимир Дмитриевич (1962-1971). Әр жылдары кафедрада: Татьяна Ивановна Порываева (1967-1988 жж.), доцент Валентина Ивановна Больбот (1967-1994 жж.), Нелли Яковлевна Ран (1978-1993 жж.), м. ғ. к. Юлия Кадымовна Беккалиева (1978-2009 жж.), м.ғ.к. Смағұлова Елена Григорьевна (1980-1985 жж.), доцент Носова Людмила Ивановна (1981-1983 жж.), доцент Төребеков Айтмұхамбет Алмағамбетұлы (1983-1991 жж.), доцент Кәрімова Рауза Исаевна (1989-1996 жж.), Бердімбаева Шолпан Төребекқызы (1994 – 1999), м.ғ.к. Уразаева Салтанат Тұраққызы (1994-2005 жж.), Байтлеуова Ләззат Морозқызы (2004-2007 жж.), Туребаева Гүлсімжан Орынбасарқызы (2006-2007 жж.), м. ғ. к., доцент Бигимбетова Шандоз Шәріпқызы (1970-2021 жж.), м. ғ. к. Мұсабеков Әміржан Акималұлы (1986 ж. бастап), м.ғ.к. Мұсабекова Илюзя Нурулловна (1994 ж. бастап), м.ғ.к., доцент Жұмағалиева Галина Даутқызы.
1963 жылдан бастап кафедрада клиникалық ординатура ашылды. Алғашқы клиникалық ординаторлар Дүйсенов Қуандық Дүйсенұлы, Изимбергенова Тояш Тагибергенқызы болды. 1979 жылдан бастап кафедрада дәрігерлерді жетілдіру факультетінің (ФУВ) курсанттары айналысады.

Мақсаты

студенттерге, интерндерге, резиденттерге және дәрігерлерге жұқпалы ауруларды диагностикалау, терапия және алдын алу дағдылары мен құзыреттіліктерін үйрету.

Қызметі

Кафедра Батыс Қазақстан облыстарында инфекциялық қызметті ұйымдастыру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми орталық болып табылады. Кафедра қызметкерлері науқастарға кеңес беру, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар және т. б. өткізеді.
Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары: тұмау және басқа ЖРВИ, дифтерия, Батыс Қазақстан өңіріндегі зоонозды инфекциялардың клиникалық – эпидемиологиялық сипаттамасы (бруцеллез, листериоз, құтыру), вирустық гепатиттер, коронавирустық инфекция.

Жетістіктері

кафедрада 11 кандидаттық, 3 магистрлік диссертация қорғалды. 60-тан астам жинақтар мен әдістемелік ұсынымдар шығарылды, өнертабысқа 2 авторлық куәлік алынды. Вирустық ауруларды, ішек инфекцияларын, бруцеллезді диагностикалау және емдеу бойынша 30 рационализаторлық ұсыныс енгізілді. Кафедра ректорат, кәсіподақ комитетінің грамоталарымен марапатталды, университет өміріне белсенді қатысады.
2020-2022 жылдары коронавирустық инфекцияның пандемиясы, 2023-2024 жылдары қызылшаның өршуі кезінде кафедра қызметкерлері Ақтөбе облысының инфекциялық, модульдік стационарларында жұмыс істеді, науқастарға консультациялар, семинарлар, конференциялар және т. б. өткізді.

Құрметті талапкер!

Университет білім алушының белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасайды және студентке өзінің таланттары мен қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік береді.

Біздің отбасымыздың мүшесі болыңыз

  • Егер сізде бейіндік пән:
    Биология-Химия
  • ҰБТ сертификаты кемінде 75 балл
  • Психометриялық сынақтан өтсеңіз
  • Ең бастысы,
    егер сізде күш пен қуат болса
  • Онда біздің
    Ospanov университетіне қош келдіңіз!