Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Стоматологии факультеті
Дене тәрбиесі кафедрасы 1959 жылы құрылды және кафедраның бірінші меңгерушісі болып Николай Семенович Ли тағайындалған, ол 1959 жылдан 1975 жылға дейін осы қызметте жұмыс жасады.
1968 жылдан 1975 жылға дейін Китаров Анвар Сапарович кафедраның аға оқытушысы болып жұмыс істеді, ал 1975 жылдан 1980 жылға дейін кафедра меңгерушісі болды.
1980 жылдан 1984 жылға дейін кафедра меңгерушісі Вениамин Никанорович Перегудов болды.
1970 жылдан 1984 жылға дейін Ж.А. Айпейсов кафедрада аға оқытушы болып жұмыс жасады. Кейіннен кафедра меңгерушісі болды.
Бір спорт залы болғанына қарамастан, студенттер спортпен белсенді айналысты. Баскетбол, волейбол, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, күрес және басқа да түрлер секциялары жұмыс істеді.
1971 жылы дене тәрбиесі кафедрасы жаңа ғимарат әскери-спорттық корпусқа көшіріліп, тағы бір спорттық залы қосылды, содан кейін екі теориялық ғимарат, тағы екі спорт залы мен стадион берілді.
2017 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қазанына дейін дене тәрбиесі кафедрасының жетекшісі Еркін Тілекұлы Жетімеков болды.
2023 жылдың қараша айынан бастап дене тәрбиесі кафедрасының жетекшісі Колдасбаева Багила Джумабаевна тағайындалды.
Спорт клубы құрылған сәттен бастап: 5 әлем чемпионы, 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 спорт шебері, 20 спорт шеберіне үміткер, 1 спорттық дәрежелі, 32 студент дайындалды. Кафедра қызметкерлері бірнеше рет түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен марапатталды.
Студенттердің әлеуметтік – жеке құзыреттерін және кәсіби қызметке дайындалу үшін денсаулықты сақтауды, нығайтуды, дене шынықтыру құралдары мен әдістерін мақсатты пайдалану қабілетін қалыптастыру; болашақ еңбек қызметінде физикалық күш-жігерді, жүйке-психикалық стресстерді және қолайсыз факторларды тұрақты көтеруді қамтамасыз ету
Кафедраның функционалдық міндеттеріне «Медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық», «Фармация», «Мейіргер ісі», «Педиатрия», «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламаларының студенттерімен дене шынықтыру бойынша оқу-практикалық сабақтар өткізу кіреді, онда: жеңіл атлетика, спорттық ойындар (баскетбол, волейбол, бадминтон), шаңғы жаттығулары, ритмикалық гимнастика. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша кафедра оқытушылары студенттердің салауатты өмір салты мен сауықтыруға деген ынтасын қалыптастыруға, сондай-ақ студенттерді дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту мақсатында білім алушылармен әңгімелер өткізеді.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да заманауи спорттық база бар, оған мыналар кіреді:
– «Жастар арена» спорт кешені, онда дене шынықтыру бойынша практикалық сабақтар, сондай-ақ университет ішілік түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі.
– 3 ойын спорт залы (СК1, СК2, ӘСК);
– 1 шағын зал;
– тренажерлары бар зал, ауыр атлетикамен айналысуға арналған тұғыр;
– шаңғы базасы.
Университет білім алушының белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасайды және студентке өзінің таланттары мен қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік береді.