Интернатура стоматологиясы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы — Ospanov University
Loading...

Интернатура стоматологиясы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Стоматология, фармация, мейіргер ісі, қоғамдық денсаулық сақтау және медикалық-профилактикалық іс факультеттері

Кафедра туралы ақпарат

Құрылу тарихы

Стоматология интернатура және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы ректордың №12/4-1-17/484/1 01.09.2016 жылғы бұйрығымен ұйымдастырылған.
31.08.2017 ж. бастап кафедраны қауымдастырылған профессор Ураз Райса Мухадескызы басқарады. Кафедрада 1 профессор, 2 медицина ғылымдарының кандидаты, 1 PhD докторы, 2 магистр, 9 жоғары біліктілік санатты дәрігер-стоматолог, 3 бірінші біліктілік санатты дәрігер-стоматолог, 2 екінші біліктілік санатты дәрігер-стоматолог жұмыс істейді.

Мақсаты

Ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды сапалы жақсарту.
Құзыреттілікті үздіксіз арттыру және шығармашылық бастаманы дамыту арқылы стоматологиялық саланың тез өзгеретін жағдайларына бейімделуге дайын, отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті адами және кәсіби құзыреттілігі жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау.

Қызметі

Кафедрада «Стоматология» мамандығының 6 курс интерндері және «Ортопедиялық стоматология» және «Ортодонтия» резидентура мамандығы бойынша тыңдаушылары оқытуды өтеді. Интерн-дәрігерлер және резиденттер оқытушылар басшылығымен науқастарды қабылдауды және санитарлы-ағарту жұмысын өткізеді. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары-қалпына келтіру стоматологиясы мен жақ-бет хирургиясының өзекті мәселелері. “Тістердің жартылай болмауы кезінде ересек адамдарда тіс-жақ жүйесінің жағдайы” тақырыбы бойынша ғылыми жоба жоспарлануда. Кафедрада жас ғалымдар үйірмесі жұмыс істейді.

Жетістіктері

Кафедра қызметкерлері ғылыми журналдар мен жинақтарда 140-тан астам жұмыс жариялады. 5-тен астам оқу-әдістемелік құралдар шығарылды. Жыл сайын республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға баяндамалар жасайды. “Медицина” мамандығы бойынша 7 магистрлік және 1 докторлық диссертация бойынша жұмыс аяқталды, 1 PhD докторант оқып жатыр.

Құрметті талапкер!

Университет білім алушының белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасайды және студентке өзінің таланттары мен қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік береді.

Біздің отбасымыздың мүшесі болыңыз

  • Егер сізде бейіндік пән:
    Биология-Химия
  • ҰБТ сертификаты кемінде 75 балл
  • Психометриялық сынақтан өтсеңіз
  • Ең бастысы,
    егер сізде күш пен қуат болса
  • Онда біздің
    Ospanov университетіне қош келдіңіз!