«Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына сәйкес запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша азаматтарды әскери даярлау жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (ЖЖОКБҰ) әскери кафедраларында әскери-есептік мамандықтар бойынша алынатын жоғары кәсіптік білім негізінде ҚР Қорғаныс министрі бекітетін жыл сайынғы іріктеу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
Студенттердің әскери дайындығы оқытудың қосымша түрі болып табылады, теориялық және практикалық оқыту курстарынан, ер студенттерге үшін оқу-жаттығу жиынынан және қыз студенттер үшін кәсіби практикадан тұрады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) және ақылы негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – ақылы негізде ҚК-нің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігін негізге ала отырып, ҚР ҚМ қабылдау жоспарына, сондай-ақ әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі. Ақылы негіздегі әскери дайындық үшін оқыту құнын ЖЖОКБҰ айқындайды. Ақылы негіздегі әскери дайындыққа ҚР ҚМ келісімі бойынша ЖЖОКБҰ басшысы қабылдау жоспары бойынша орын бөлінген жағдайда Ақтөбе қаласының әскери кафедрасы жоқ басқа жоғары оқу орындарының студенттерін оқуға жібере алады. Өтеусіз негізде М.Оспанов ат. БҚМУ жалпы медицина факультетінің іріктеу комиссиясы ұсынған студенттері оқыту үшін тартылады.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары – ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын соттылығы жоқ студенттер жіберіледі. Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) конкурстан тыс әскери дайындыққа жіберіледі.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (3 және 4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады. Әскери кафедрада запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың ұзақтығы - 2 жыл, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша - 1 жыл.
Әскери даярлықтың толық курсынан өткен студенттерге жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом алғаннан кейін белгіленген тәртіппен запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша «запастағы медицина қызметінің лейтенанты», «запастағы лейтенант», ал запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша «запастағы кіші сержант» әскери атақ беріледі.