Интернатура бөлімі — Ospanov University
Loading...

Интернатура бөлімі

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

БІЗ ТУРАЛЫ

Интернатура бойынша маңызды ақпарат

Интернатура жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Интернатураға «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат түлектері қабылданады.
Интернатурада 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы (ҚР МЖМБС-2017) бойынша оқу мерзімі – 2 жыл. Оқуды аяқтағаннан кейін мамандық бойынша мемлекеттік үлгідегі дәрігер дипломымен бірге интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі, жалпы тәжірибелік дәрігер біліктілігі иемделеді.
Оқыту клиникалық базалары:
– Университеттің медицина орталығы
– Ақтөбе қаласының емдеу мекемелерінде (университет пен практикалық денсаулық сақтау клиникаларымен/ауруханаларымен өзара келісім-шарт) өткізіледі.
Интернатурада даярлық мемлекеттік стандартқа, типтік оқу бағдарламасына, академиялық күнтізбеге және интерннің жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Интерндер оқу кезінде арнайы пәндерден басқа типтік бағдарламаға сәйкес оқуға міндетті аралас электив пәндерін оқиды. Интерндерді оқытуға профессорлар, доценттер, жоғарғы білікті оқытушылар, сонымен қатар клиникалық базалардың жоғары дәрігерлік санаты бар дәрігерлері, бөлім меңгерушілері тартылады.
Интернатураның білім бағдарламасының құрылымы (кредиттік технология) оқу және клиникалық жұмыстың әртүрлі түрлерінен модульдік жүйе бойынша құрылады; интернатура бағдарламасына базалық пәндер, негізгі компонент пәндері (профильді және профильді аралас), элективті пәндер енгізілген.
Білімді бақылау түрі – емтихан, жылдық аттестация, қорытынды мемлекеттік аттестация. Қорытынды аттестация 2 сатыда өткізіледі: тестілеу және практикалық дағдыны тапсыру. Тестілеуді ҚР ДСМ Тәуелсіз Емтихандаудың Ұлттық Орталығы жүргізеді.

Мақсаты

Интернатура мақсаты - университет интерндерінің ЖОО–ны бітіргеннен кейін білім беруді тереңдетуде қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмыс істеу үшін білікті маман дайындау кезінде қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Міндеті

Интернатураның негізгі міндеті клиникалық кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған білім беру процесін уақытылы, сапалы ұйымдастыру және түлектердің практикалық дайындығын жақсарту, кәсіби деңгейін және олардың жеке дәрігерлік қызметке дайындық деңгейін арттыру болып табылады.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру

Интернатураның білім беру бағдарламасы 2 жылдан тұрады (6-7 курстар), интернатураның әрбір оқу жылы кемінде 60 кредиттен тұрады;
Интернатурада медициналық кадрларды даярлау университетте, клиникалық тәлімгерлердің басшылығымен бейінді кафедраларда және МСАК деңгейінде жүргізіледі. Интерндерді даярлаудағы теория мен практиканы интеграциялау 6-курста жүзеге асырылады, онда интерндер жалпы практика дәрігерінің жұмысындағы негізгі бағыттарды бейіндік және сабақтас пәндерде игереді. 6 курсты аяқтағаннан кейін жылдық ауысымдық аттестаттау қарастырылған. Жылдық аттестаттау форматы ЖОО басқармасының отырысында немесе ЖОО Академиялық кеңесінде талқыланады. Интерннің жылдық аттестаттау шарттарын орындамауы оның 6 курсты қайта игеруіне негіз болып табылады.
Интернатурада практика бағдарланған оқыту аудандық, қалалық, облыстық емханаларда дәрігерлік кадрларды (клиникалық тәлімгерлерді) тарта отырып, бітіруші 7 курста жүзеге асырылады. МСАК деңгейіндегі тәжірибелік денсаулық сақтауда интернатура бағдарламасын игеру білім беруде дуалды қағидатты іске асырады – интернатураның практикалық бөлігін игеру орны жас маман үшін жұмыс орны болуы мүмкін. 7 курс практикасының орындарында интерн дәрігерлік және интеллектуалдық мүмкіндіктерді көрсетеді, бұл оның жұмысқа орналасуына негіз бола алады. 7 курста бағдарланған оқыту интерннің одан әрі таңдауын жасауға мүмкіндік береді: жалпы практика дәрігері ретінде жұмысын жалғастыру немесе жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға (резидентура, магистратура) үміткер болу.