Университет ректорының атына өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде) және қосымшасы бар жоғары білімі туралы дипломның, қосымшасы бар магистр дипломының нотариалды куәландырылған көшірмелері, резидентурадан өткені туралы куәлік( сынақ ведомосынан үзінді); s (TCF-кемінде 50 балл);
- 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама
- Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады";
- 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат (еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі);
- Соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
- Алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша) (Жоспарланған диссертациялық жұмысты таныстырудың орташа балын көрсете отырып, докторантураға түсушілерді алдын ала іріктеуден өткізу туралы университеттің проблемалық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді);
- Ұлттық тестілеу орталығы берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417; TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550; Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80; неміс тілін меңгеру бойынша: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес; TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес; француз тілін меңгеру бойынша: Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес; Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес; Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес; Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
*TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді ҰТО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.
Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның "жеке кабинеті" арқылы жолданады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Тұлғаларды докторантураға қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша ықтимал 100 баллдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада оқуға түсу емтиханы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады: – кемінде 75 балл
Докторантураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Конкурстық баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, докторантураға қабылдау кезінде білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша неғұрлым жоғары баға алған тұлғалар басым құқыққа ие болады.
Содан кейін білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі:
- Ғылыми жарияланымдар, оның ішінде соңғы 3 күнтізбелік жылдағы Clarivate Analytics компаниясының Web of Science деректер базасының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдарда; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер;
- Ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар;
- Ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар.