Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге, немесе оқу жылына өз оқу орнында немесе басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін кредит түрінде меңгерген білім беру бағдарламаларын міндетті түрде қайта тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауыстыру;
Академиялық ұтқырлық шеңберінде: ҚР ЖОО-ның, жақын және алыс шетелдердің жетекші ПОҚ-ы шақырылады; студенттер 1 және одан да көп уақытқа жоғары оқу орындарына, сондай-ақ жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі; ҚР, ТМД және басқа елдердің ЖОО-нан алмасу бойынша студенттер қабылданады.
Батыс Қазақстан медицина университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы екі бағытта жүзеге асырылады:
– Сыртқы академиялық ұтқырлық – білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің шетелде белгілі бір академиялық кезеңде оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін орын ауыстыруы;
– Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің ел ішінде белгілі бір академиялық кезеңде оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін орын ауыстыруы;
Академиялық ұтқырлықтың мақсаты: халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу, әлемдік білім беру ресурстарын пайдалану.
Студенттердің академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға қойылатын талаптар және қажетті құжаттар тізімі
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы жөніндегі маман деканаттармен бірлесіп білім алушылар арасында конкурс өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Шетелдік жоғары оқу орындарына студенттерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін деканатқа өтініш жазу қажет (үлгі).
Конкурстық іріктеудің негізгі критерийлері:
GPA-ны ескере отырып, университетте бір академиялық кезеңді, семестрді, модульді аяқтау. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университет қаражаты есебінен (шетелге және/немесе ҚР бойынша) шығатын білім алушылар үшін GPA 3,00-ден төмен емес.
Алыс шетелдер үшін-TOEFL немесе IELTS (6) сертификатының болуы (ағылшын тілін білу).
Қажетті құжаттар тізімі:
- Ректордың атына өтініш;
- Білім алушының өтініші;
- Үш жақты келісім;
- GPA;
- Шет тілін меңгергені туралы Сертификат;
- Шетелдік паспорттың көшірмесі;
- Фото 3*4 (2 дана);
- Басқарма хаттамасынан үзінді;
- Қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар шақырудың көшірмесі.
2024 жылғы білім алушылардың академиялық ұтқырлығы.
Университет білім мен тәжірибе алмасу мақсатында студенттер арасында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асырады. 2024 жылғы есепті кезеңде білім беру бағдарламасы шеңберінде Шығыс академиялық ұтқырлық 402 білім алушыны құрады, оның ішінде:
«Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институты» - 282;
«Астана медицина университеті» КеАҚ-20;
«Г.Ч.Герайбейли атындағы Әзірбайжан медициналық университеті» - 8;
«М. Айкимбаев атындағы АҚИ ҰҒО» - 2;
«Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» - 36;
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ - 17;
«Орынбор мемлекеттік медицина университеті» - 13;
«С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» - 15;
«Duzce Университеті» - 6;
«Братиславадағы Коменский университеті» - 1;
«Истинье университеті» - 2.
2024 жылға 295 білім алушының академиялық ұтқырлығын іске асыру жоспарланған. 402 білім алушы орындалды.
Кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024 жылы БҚМУ-ға келесі жоғары оқу орындарынан 29 білім алушы қабылданды:
«Халықаралық медициналық университет» (Қырғызстан) - 5;
«Астана медицина университеті» КеАҚ-16;
«Қазақстан - Ресей медицина университеті» МеОО - 7;
«Самарқанд мемлекеттік медицина университеті» - 1.