БИОЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ КОМИССИЯ

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Толығырақ

Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (БЖЖК) сыналушылар мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер материалдарын этикалық және адамгершілік-құқықтық бағалауды жүзеге асыратын тәуелсіз кеңесші орган болып табылады.

Комиссия сыналушылар ретінде адамдардың қатысуымен зерттеулер жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған және Health and Human Services (HHS) халықаралық жүйесінде (Irb00003734 Kazakh Natl med U-Kazakhstan ethical Committee #1) зерттеуге қатысушылардың құқықтарын, физикалық және психикалық денсаулығын және адамдардың әл-ауқатын қорғайтын орган ретінде тіркелген. Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ жанындағы БЖЖК (IRV00010636 local IRB Committee West-Kazakhstan State Medical University named after Marat Ospanov, the Republic of Kazakhstan), АҚШ зерттеу субъектісі ретінде адамды қорғау офисінің Халықаралық деректер базасында тіркелген (Office for Human Research Protections (OHRP)) IORG0008911 (14.07.2016 ж.). Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ жанындағы БЖЖК ҚР-ның бірыңғай базасында ЖЭК-I / 2010-07-014 сәйкестендіру нөмірімен тіркелді.

БЖЖК өз қызметінде Дүниежүзілік Медицина қауымдастығының Хельсинки декларациясының этикалық қағидаттарын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, тиісті клиникалық практика стандартын (GCP), "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, әдеп және клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі комитеттердің қызметіне қатысты қолданыстағы өзге де халықаралық нормативтік актілерді басшылыққа алады. Адамдардың қатысуымен зерттеулердің этикалық сараптамасының тәуелсіздігі БЖЖК қызметінің белгіленген ғылыми-әдістемелік стандарттарына негізделген және зерттеулер жүргізу барысында нақты адамдарды қорғауға кепілдік беруге арналған.

БЖЖК зерттеу басталғанға дейін зерттеуге сараптама жүргізеді, кейіннен мониторинг жүргізеді (зерттеу жүргізу барысында және ол аяқталғаннан кейін этикалық қағидаттардың сақталуын бақылау).

Қазіргі уақытта БЖЖК қоғам өкілдерін қоса алғанда, медицина ғылымының түрлі пәндерін ұсынатын құзыретті және арнайы оқытылған мүшелерден (сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардан) тұрады.

БЖК төрағасы – Уразаева Айша Бауыржановна, PhD, эпидемиология кафедрасының доценті.

Жауапты хатшы – Кумар Гаухар Бердикуловна, эпидемиология кафедрасының оқытушысы, м. ғ. м.

e-mail: lbk_zkmu@mail.ru  тел. +77773398866

Ережелер

Толығырақ

БЖЖК сертификаты

Толығырақ

БЖЖК мүшелері туралы ақпарат

Толығырақ

БЖЖК отырыстар кестесі

Толығырақ

Өтініштерді қарау тәртібі

Толығырақ

Сараптамаға арналған құжаттардың тізбесі және олардың нысандары

Толығырақ