Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі көрсетілгендей, бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
— Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы;
— Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, гранттық қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қаржыландыру қағидалары), қолданыстағы редакцияда;
— Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – № 538 бұйрық), қолданыстағы редакцияда;
— Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығымен бекітілген Ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын төлеу қағидалары (бұдан әрі – Еңбекақы төлеу қағидалары), қолданыстағы редакцияда.