|
Өңір: |
Ақтөбе облысы (Ақтөбе) |
|
Ұйым: |
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ |
|
Лауазым: |
Академиялық жоспарлау және оқу процесінің сапасы бөлімінің жетекшісі (1 бірлік) |
|
Санат: |
- |
|
Жұмыс тәжірибесі: |
кемінде 5 жыл |
|
Орташа жалақысы: |
521 344 тг |
|
Құжаттарды қабылдау мерзімі: |
2026 жылғы 4 қыркүйекке дейін (қоса алғанда), күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін |
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Академиялық жоспарлау және оқу процесінің сапасы бөлімінің жетекшісі лауазымына жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, магистрден төмен емес академиялық дәрежесі және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл (оның ішінде басқарушылық лауазымдарда немесе білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында кемінде 2 жыл) бар тұлға тағайындалады.
Функционалдық міндеттері:
- Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
- Профессор-оқытушылар құрамының ағылшын және қазақ тілдерін меңгеру деңгейін арттыру бойынша курстар ұйымдастыру, олардың өткізілуі мен нәтижелеріне мониторинг жүргізу.
- Бөлімнің құзыретіне жататын міндеттерді шешу үшін уақытша алқалы органдар құру.
- Академиялық сапа жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.
- Білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша «Атамекен» ҰКП рейтингін, сондай-ақ білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктерге арналған рейтингтерді қалыптастыру үшін мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну.
- Қосымша және қашықтықтан білім беру мәселелері бойынша Moodle білім беру порталын пайдаланушыларға консультациялық қолдау көрсетуді жүзеге асыру.
- Академиялық жұмыс жөніндегі департамент пен Университет басшылығына бөлім қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Жоғары медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйелері саласындағы озық әлемдік тәжірибені зерделеу және талдау, оны Университетке енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- ESG және ISO 9001:2015 халықаралық стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің дамуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
- Мамандандырылған білім беру модульдерін өткізу үшін сыртқы бейінді мамандар мен сарапшыларды тартуды ұйымдастыру.
- Университетте белгіленген тәртіппен бөлім қызметіне байланысты жұмыстарды орындауға заңды және жеке тұлғалармен жасалатын шарттардың жобаларын дайындауға қатысу.
- Университет басшылығына бөлім қызметін жетілдіру және білім беру сапасын басқарудың ішкі жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізу.
- Академиялық жұмыс жөніндегі департамент үшін бөлім қызметінің нәтижелері бойынша жиынтық есептерді, талдамалық анықтамаларды және шынайы ақпаратты дайындау.
- Бөлімнің құзыреті шеңберінде білім беру сапасын мониторингілеу рәсімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды (ISO 37001:2016) және академиялық адалдық қағидаттарын біріктіру (интеграциялау), олардың бұзылуының кез келген тәуекелдерінің жолын кесу.
- Университет Жарғысын, ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын (ІЕТҚ) және Университеттің басқа да нормативтік-құқықтық актілерін сақтау.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларын орындау.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Жоғары білім туралы және (немесе) академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама, құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан берілген анықтама, құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі жөніндегі анықтама;
- Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі, тілдерді білуі туралы қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсынымдары, сертификаттар, дипломдар және т.б.) ұсынуға құқылы;
- Бөлім жұмысын дамыту мақсатында әзірленген даму бағдарламасы (слайд түрінде);
- Университетте жұмыс істейтін тұлғалар жоғары тұрған басшылықтың мінездемесін қоса ұсынады;
- Файлдық папка – 30 парақ.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қайтаруға негіз болып табылады.
Құжаттар университеттің ресми интернет-сайтында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.
|
Әңгімелесу күні: кестеге сәйкес |
|
Әңгімелесуді өткізу орны: Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68 үй, бас ғимарат, 105 кабинет, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ |
|
Байланыс үшін анықтама телефондары: +7 (7132) 54-69-25, 8 707 6790946 |
|
E-mail құжаттарды тапсыру үшін: hr@zkmu.kz Бос орынға сілтеме: https://www.enbek.kz/ru/vacancy/ |